Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде айтты.
Әлемдік қауымдастықта оны жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы деп атайды. Сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан барлық экономикалық көрсеткіш бойынша Орталық Азия аймағында алдыңғы қатарға шыққанын естен шығармаған жөн, - деді ол.
Тоқаев Тұңғыш Президенттің еңбегін ұмтыпауға шақырды.
Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегін ұмытпайық. Объективті және шыншыл болуыңыз керек. Өткенін жамандаған халықтың болашағы жоқ. Өткен заманды жоққа шығаратын, өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы екіталай әрі бұлыңғыр. Сондай-ақ Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегіне тағзым етіп, оның сөзсіз табыстары мен сіңірген еңбегін атап өтіп, еліміздің болашақ басшыларына ескерту ретінде қателіктерді ұмытпайық, - деді ол.
Оқи отырыңыз: