Тоқаев Трампқа хат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақорда 26 Қазан 2025 2025, 17:56
26 Қазан 2025 2025, 17:56
621
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысы аталған бастама дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды.

Наверх