Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Бүгiн, 20:30
121
Бөлісу:
Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Мемлекеттер басшылары Ұйым қызметінің басым бағыттарын, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жоспарды талқылады.

Отырыста Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко сөз сөйледі.

Жиында ТМД Бас хатшысының орынбасары Ильхом Нематовқа «Достық» ордені, ал ТАСС ақпараттық агенттігінің бас директоры Андрей Кондрашовқа ТМД грамотасы табысталды.

Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

ТМД саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды. 

Еске салсақ, Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысында сөз сөйледі.

Өзгелердің жаңалығы