Тоқаев Тьерри де Монбриальмен кездесті

Мемлекет басшысы Францияға ресми сапары аясында Француз халықаралық  қатынастар институтының президенті әрі  негізін қалаушы  Тьерри де Монбриальмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

29 Қараша 2022 2022, 18:55
АВТОР
 29 Қараша 2022 2022, 18:55
29 Қараша 2022 2022, 18:55
1028

Мемлекет басшысы Францияға ресми сапары аясында Француз халықаралық  қатынастар институтының президенті әрі  негізін қалаушы  Тьерри де Монбриальмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропаның ең ықпалды сараптама орталықтарының бірі саналатын Француз халықаралық қатынастар институтының (IFRI)  беделі туралы хабардар екенін, ал Тьерри де Монбриальді  белгілі саясаттанушы ғалым ретінде білетінін атап өтті.

Әңгімелесу барысында олар өзекті геосаяси мәселелер мен әлемдегі процестердің даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Наверх