Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

10 Ақпан 2020, 20:04
1460
Бөлісу:
Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның көшбасшысы қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаны талқылады, - делінген хабарламада.

Қырғызстанның көшбасшысы қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы тату көршілік, серіктестік пен одақтастық Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықты сақтаудың маңызды факторы саналатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы