Тоқаев Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгiн, 10:31
140
Бөлісу:
Тоқаев Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнам мен Сингапур халқын Ұлттық күнімен құттықтады.

️Президент Сингапурдың экономика, инновация және қоғамдық даму саласындағы таңғаларлық жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар еліміздің Сингапурмен арадағы шынайы достыққа және өзара қолдауға негізделген серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның бастамаларына табыс, ал Сингапур халқына бақ-береке тіледі.

Өзгелердің жаңалығы