Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкадағы жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарына көңіл айтты, - делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, Индонезияда да су тасқыны болып жатыр. Суматра аралында толассыз жауған нөсер салдарынан болған су тасқыны мен лай көшкінінен қаза тапқандар саны 442 адамға дейін өсті.