Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шолпан-Ата қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтті.
Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттер басшылары Ыстықкөлде теплоходпен серуендеу барысында елдер арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты.