Тоқаев: Сенім – елдің игілігі мен дамуына, халықтың ынтымағына негіз болатын қастерлі ұғым

16 Қараша 2022, 11:18
698
Бөлісу:
Тоқаев: Сенім – елдің игілігі мен дамуына, халықтың ынтымағына негіз болатын қастерлі ұғым
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Менің түсінігімде, Президент – жалдамалы менеджер, халық онымен белгілі бір мерзімге келісімшарт жасайды. Азаматтардың еркін таңдауының нәтижесінде елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға ие болған адам миллиондаған отандастарының дауысымен бекітілген келісімшартқа қол қояды. Сондықтан Президенттің лауазымы – артықшылықтан бұрын зор жауапкершілік. Бұл қызметті атқарған және атқаратын әрбір адам ең қатал үш соттың – халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді. Сенім – елдің игілігі мен дамуына, халықтың ынтымағына негіз болатын қастерлі ұғым,- дейді Президент.

Өзгелердің жаңалығы