Тоқаев сайлауға қандай коалиция атынан түседі?

Тоқаев сайлауға қандай коалиция атынан түседі?
614

Әділет министрі Қанат Мусин Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауына қай бірлестіктің атынан түсетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің сөзінше, коалиция атынан кандидат ұсыну үшін ауқымды жиындар өткізудің қажеті жоқ. Өйткені әрбір ұйым өз ұсынысын жасап қойған. Ал заңнамада коалиция атынан сайлауға қатысуға еш шектеу қарастырылмаған.

Заңға сәйкес, бір республикалық бірлестік тек бір кандидатты ғана ұсына алады. Ал коалиция дегеніміз ол - саяси термин. Бүкіл бірлестік бір кандидатты ұсынса, ол коалиция болып саналады, - деді Қанат Мусин AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде.

Кеше Павлодар облысының халқымен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әртүрлі республикалық бірлестіктер мен партиялардан олардың атынан үміткер болу туралы ұсыныстар түсіп жатқанын айтқан болатын.

Еске салайық, жаңа заң жобасы бойынша үміткерден бөлек, саяси партияларды тіркеу үшін оның сандық шегі 20 мыңнан 5 мыңға дейін, саяси партиялардың өңірлердегі өкілдіктерінің саны 600-ден 200-ге дейін, саяси партияны құру кезіндегі бастамашыл топ азаматтарының саны 1 мыңнан 700-ге дейін қысқартылады. 

 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы