Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургтегі Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.
Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейдің Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барғанын жазған болатынбыз.