Тоқаев Руанда Президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Руанда Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

 Ақорданың баспасөз қызметі 1 Шілде 2025 2025, 18:12
1 Шілде 2025 2025, 18:12
543
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Руанда Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамены Руанда Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Біз еліңізді Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Бұл тұста, Қазақстан мен Руанда арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін ерекше қанағатпен атап өтемін, – деп жазылған жеделхатта.

Наверх