Тоқаев Республика күнімен құттықтаған шетелдік көшбасшыларға алғыс айтты

Мемлекет басшысы шет мемлекеттер мен үкімет басшыларының, сондай-ақ халықаралық ұйымдар жетекшілерінің ізгі тілектеріне ризашылығын білдірді.

 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев 26 Қазан 2026, 10:18
26 Қазан 2026, 10:18
165
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын.
Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады, – деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады.

Наверх