Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барды

11 Қараша 2025, 17:46
323
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді.

Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Өзгелердің жаңалығы