Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Бұл ақпаратты Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай растады.
Осыған дейін Еділов telegram-арнасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеттігі аяқталғанша дейін отандық және шетелдік марапаттарды алмау туралы шешім қабылдағанын жазды.
Мемлекет басшысы Қырғызстанға барған сапарында "Манас" бірінші дәрежелі орденінен де бас тартқан.
Ресей тарапы Президентке Александр Невский орденін тапсыруды ұсынған.
Аталған Александр Невский ордені Ресейде бірнеше бағытта беріледі. Соның бірі көпжақты ынтымақтастықты дамытуға сіңірген еңбегі үшін шетелдік мемлекет басшыларына да табысталады.
"Александр Невский" ордені ТМД елдерінің көптеген басшыларына берілген. Олардың қатарында Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко, Гурбанғұлы Бердімұхамедов сынды тұлғалар бар.