Тоқаев Қосшыдағы мектепке Қазақстанда шығарылған автобусты сыйға тартты

Бүгiн, 11:30
142
Бөлісу:
Тоқаев Қосшыдағы мектепке Қазақстанда шығарылған автобусты сыйға тартты
PHOTO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қосшы қаласындағы мектеп-гимназиямен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев Қосшыдағы мектепке Қазақстанда шығарылған автобусты сыйға тартты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола өңіріне жұмыс сапары Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектеп-гимназияны аралап көруден басталды. 

Тоқаев Қосшыдағы мектепке Қазақстанда шығарылған автобусты сыйға тартты

Қосшы қаласының жаңа ауданында орналасқан мектеп «Болат Өтемұратов қорының» жеке инвестициясы есебінен салынып, жергілікті білім бөлімінің басқаруына берілген. 

Тоқаев Қосшыдағы мектепке Қазақстанда шығарылған автобусты сыйға тартты

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының стандарттарына сай бой көтерген білім ошағында қазіргі кезде екі ауысыммен 2700 бала оқиды.

Тоқаев Қосшыдағы мектепке Қазақстанда шығарылған автобусты сыйға тартты

 Мектепте 280 орындық акт залы, 360 орындық асхана, 2 спорт залы, информатика, химия, физика, биология, технология және музыка кабинеттері бар. 

Тоқаев Қосшыдағы мектепке Қазақстанда шығарылған автобусты сыйға тартты

Мектеп директоры Дидар Асқарованың айтуынша, оқушылар тек білім алып қана қоймай, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында спорт секцияларына және шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату, би, хор, фортепиано, домбыра секілді үйірмелерге тегін қатыса алады. 

Тоқаев Қосшыдағы мектепке Қазақстанда шығарылған автобусты сыйға тартты

Мемлекет басшысы роботты техника, мобилография, автомобиль жүргізуді виртуалды үйрену, шет тілі кабинеттерін, мектеп кітапханасын аралап көріп, ұстаздармен және оқушылармен әңгімелесті.

Тоқаев Қосшыдағы мектепке Қазақстанда шығарылған автобусты сыйға тартты

Қазақстанның озық мемлекетке айналғанын қаласақ, осындай роботты техника сияқты бағыттарды үйрену керек. Бұл – өте қажет. Балаларымыз әрқашан білімді болсын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев Қосшыдағы мектепке Қазақстанда шығарылған автобусты сыйға тартты

Президент ұжымға сәттілік тілеп, мектепке өзінің «Әке туралы ой-толғау» кітабын және Қазақстанда шығарылған автобус сыйға тартты.

Тоқаев Қосшыдағы мектепке Қазақстанда шығарылған автобусты сыйға тартты
Өзгелердің жаңалығы