Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев: Қиын жылдарда біз бір-бірімізді қолдап, иық тіресіп қатар тұрдық

12 Қараша 2025, 20:25
312
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарының құрметіне Президент Владимир Путиннің атынан Кремльде мемлекеттік қабылдау өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы біздің ортақ тарихымыз бірліктің үлгісін танытатын сөздердің қай-қайсысынан да артық екеніне тоқталды.

– Қиын жылдарда біз бір-бірімізді қолдап, иық тіресіп қатар тұрдық. Бірге талай қиындықты жеңдік, бүгінде жадымызда сақтап, жүрегіміздің төрінде қастерлеп ұстайтын Ұлы Жеңіске бірлесіп жеттік. Ата-бабамыздан «Құдай қосқан көрші» деген сөз қалған. Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі, – деді Қазақстан Президенті.

Өзгелердің жаңалығы