Тоқаев: Қазақстан мен Ресейдің білім саласындағы әріптестігі тереңдей түседі

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

 Ақорданың баспасөз қызметі 31 Қазан 2025 2025, 16:33
31 Қазан 2025 2025, 16:33
523
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкуновпен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы ММХҚИ-дің халықаралық қатынастар саласы бойынша білікті мамандарды даярлаудағы беделін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында ММХҚИ филиалының ашылуын құптады. Қазір мұнда 100 студент білім алуда.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей академиялық қауымдастықтарының нәтижелі ықпалдастыққа ұмтылысы екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Наверх