Мемлекет басшысы БРИКС-тің XVI саммиті өтіп жатқан "Қазан Экспо" халықаралық көрме орталығына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен барғаны туралы жазған едік.