Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәскеуге сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде айтты.
Мемлекет басшысы Ресей басшысына «Мәскеуге сапармен келуге шақырғаны үшін» алғыс айтты.
Бұл жаңа жылдан кейінгі, өкінішке қарай, елімізде орын алған қайғылы оқиғалардан кейінгі бірінші сапар. Бұл ең алдымен конституциялық құрылысты бұзып, төңкеріс жасау мақсатында Қазақстанға шабуыл жасаған халықаралық лаңкестердің, қарақшылардың мұқият дайындалған операциясы болды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент тергеу жүріп жатқанын, алғашқы нәтижелер де дайын екенін атап өтті.
Өкінішке қарай, құрбан болғандар көп болды, мен өзім де осыған байланысты алаңдаймын, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Әрбір іс тергеліп жатыр. Әрине, кінәлілер жазасын алады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ҰҚШҰ бітімгершілік контингентіне де тоқталды.
Бітімгершілік контингент тылды қамтамасыз етуде, былайша айтқанда, стратегиялық нысандарды қорғауда және Қазақстанды құрбан етіп таңдаған лаңкестер мен қарақшыларды психологиялық қорқытуда маңызды рөл атқарды, - деді Тоқаев.
Айта кетейік, Кремльде Қазақстан мен Ресей президенттері келіссөздері басталғаны белгілі болды.