Тоқаев президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичті құттықтады

Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14 Қаңтар 2025 2025, 11:26
АВТОР
 Ақорда 14 Қаңтар 2025 2025, 11:26
14 Қаңтар 2025 2025, 11:26
612
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті жеделхатта Зоран Милановичтің жеңісін Хорватияның болашағын жарқын етуге бағытталған саясатына көрсетілген сенімнің айқын дәлелі деп бағалады.

Мемлекет басшысы Астана мен Загреб арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығаятынына үміт артатынын жеткізді.

Наверх