Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде айтты.
Еліміз өз дамуының өте күрделі кезеңіне аяқ басқанын түсіне отырып, Nur Otan» партиясын басқару ұсынысын ризашылықпен қабылдаймын. Бұл шешім партияны өзгерту және бүкіл қоғамды топтастыру жұмыстарын бастауға әзірлік талап етті.Бұл ретте мен Мемлекет басшысы ретінде ашық және әділ саяси бәсекелестіктің кепілі боламын. Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармақтарының келісілген іс-әрекетін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету, - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, бұл жағдайлар Президенттің қандай да бір партиялар мен қозғалыстардың қызметінен белгілі бір алшақтауын меңзейді.
Сондықтан біраз уақыттан кейін, бәлкім, биылғы жылдың соңына қарай Nur Otan партиясына одан әрі төрағалық етуімнің мақсаттылығы туралы мәселеге қайта ораламыз.Мемлекет басшысының тең дәрежедегі мәртебесі саяси реформалардың ауқымды пакетінде түпкілікті бекітілуі керек, - деді ол.