Тоқаев Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақорда 6 Ақпан 2024 2024, 14:47
6 Ақпан 2024 2024, 14:47
750
Фото: Ақорда

Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Президент Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты. 

Талқылауға Amanat партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов, "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, Respublica партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров қатысты.

Еске салсақ, кеше ел Үкіметі отставкаға кетті.

Наверх