Мемлекет басшысы Жедел штаб отырысында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Күлдіковтің сөзін бөлді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайлы қарайды?! 14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді, - деді президент.
Оның айтуынша, өрт бүкіл әлемде болады, бірақ ол жақта тиісті шаралар қабылданады.
Министр келмеді, облыс әкімі тым баяу қозғалды, орынбасарларын жіберді. Жұмысқа деген қандай қарым-қатынас?! Осы жөнінде есеп беріңіз! Нақты сұрақ – неге қате болжам жасалды?, - деп сұрады ол.
Бұған дейін Тоқаев Абай облысындағы жолдардың жедел жөнделгеніне қатысты "Мен келеді деп жолды жөндеу - масқара жағдай" деген еді.