Тоқаев «Nur Otan» партиясын түбегейлі қайта құрылымдау керек екенін айтты

28 Қаңтар 2022, 15:43
1589
Бөлісу:
Тоқаев «Nur Otan»  партиясын түбегейлі қайта құрылымдау керек екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде айтты. 

Мен елді жан-жақты жаңғыртудың ауқымды күн тәртібін алға қойдым. Қазақстанның прогрессивті өзгерістері мен жаңаруының нағыз қозғалтқышы болуы керек. «Nur Otan» оны жүзеге асыруға белсене араласуы керек. Бірақ ол үшін «Nur Otan»  өзін жаңартуы керек. Бұл косметикалық қалпына келтіру емес, партияның бүкіл жұмысын түбегейлі қайта құрылымдау қажет болады, - деді ол. 

Мемлекет басшысы қандай бағыттарға назар аудару қажетін айтты. 

Біз келесі басымдықтарға назар аударуымыз керек. Бірінші. Қоғамның барлық сындарлы күштерін топтастыру, партия қатарындағы ынтымақты нығайту.Біз өз қатарымызға түрлі қоғамдық-саяси топтардың өкілдерін, өз азаматтарының сеніміне ие нағыз көшбасшыларды белсендірек тартуымыз керек. Өкінішке қарай, партияда ондайлардың аз екеніне көзіміз жетті.Сын кезеңде партияның бүкіл орасан зор кадрлық әлеуеті, оның барлық ауқымды инфрақұрылымы толық пайдаланылмады.«Nur Otan»   шын мәнінде нақты істердің партиясы бола отырып, оқиғалардың бел ортасында, үдерістердің басы-қасында болуы керек. Сырттан келген бақылаушының ұстанымы енді қабылданбайды, - деді Мемлекет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы