Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Нигерия президентін 65 жылдық мерейтойымен құттықтады

1 Қазан 2025, 17:14
339
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Нигерия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бола Ахмед Тинубуды Нигерия Федеративтік Республикасы Тәуелсіздігінің 65 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Президент жеделхатында Қазақстан мен Нигерия арасындағы қарым-қатынастың достық сипатқа ие екенін атап өтіп, қос халықтың игілігі жолында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзірлігін растады.

Өзгелердің жаңалығы