Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Игорь Додонмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстарды және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарды талқылады.
«Біз Молдовамен ынтымақтастықты нығайтуға және сауда-экономикалық серіктестікті одан әрі кеңейтуге ниеттіміз. Өзара қарым-қатынастарымызды дамыту үшін бізде барлық мүмкіндік бар деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Молдова Республикасының Президенті жылы қабылдағаны үшін ризашылық білдіріп, мемлекетаралық диалогтың жемісті сипатын айтты.
«Елдеріміз арасында достық қатынастар орнаған. 30-дан астам екіжақты келісімдерге қол қойылды. 12 құжат қаралуда. Молдова үшін Еуразиялық экономикалық одақпен интеграциялық үдеріс маңызды саналады. Бұл бағытта біздің алдымызда ауқымды жұмыс тұр», – деді Игорь Додон.