Президент Абай облысына келуіне орай жолдардың жедел жөнделгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндей бастау дұрыс емес. Бұл – мүлдем масқара жағдай. Мен бұл туралы оқыдым, білемін. Кінәлілер жазаланады, - деді президент.
Ол бұған дейін облыстағы өртке салғырт қараған адамдардың барлығы жазаланатынын айтқан еді.