Тоқаев Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірді

17 Маусым 2022, 22:27
1751
Бөлісу:
Тоқаев Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірді.

Түрлі пікір бар, біздің қоғам ашық. Қазіргі заманғы құқық – бұл БҰҰ жарғысы. Бірақ, БҰҰ-ның екі ұстанымы бір-біріне қарама қайшы келеді – бұл мемлекеттің тұтастығы және ұлттың өз таңдауын жасауға құқығы. Егер солай болса, бұл ұстанымдар бір-біріне қарама-қайшы, түрлі түсіндірме бар, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, ұлттың өз таңдауын жасау құқығы жүзеге асырылатын болса, онда жер шарында 500-600 мемлекет пайда болар еді.

Дәл осы себепті біз Тайваньды да, Косованы да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз. Демек, бұл принцип біздің көзқарасымызша квазимемлекеттік бірлестік саналатын Луганск пен Донецкке де қолданылатын болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы