Тоқаев Кэтрин Конноллиді Ирландия Президенті болып сайлануымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Кэтрин Конноллиді Ирландия Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ 26 Қазан 2025 2025, 19:30
26 Қазан 2025 2025, 19:30
597
Фото: BAQ.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев Кэтрин Конноллиді Ирландия Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Сіздің басшылығыңызбен Ирландия дамудың даңғыл жолын жалғастыратынына сенімдімін. Астана мен Дублин арасында шынайы достық пен өзара қолдауға арқа сүйеген ұзақмерзімді серіктестік орнаған. Өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, қос халықтың игілігіне қызмет ететін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен бірлесіп күш-жігер жұмсауға дайынмын, – деп жазылған жеделхатта.

Наверх