Тоқаев Ирак президентін құттықтады: Екі ел байланысы нығая түспек

Мемлекет басшысы Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.

 Ақорданың баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 11:04
Бүгiн 2026, 11:04
119
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Ирак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.

Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді. 

Наверх