Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

 Ақорда 24 Желтоқсан 2023 2023, 19:55
24 Желтоқсан 2023 2023, 19:55
1481
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық және аса жауапты қызметіне табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан президенттері екі ел халықтары арасындағы достық қатынастар мен дәстүрлі бауырластық байланыстарға көңілдері толатынын айтты, - делінген баспасөз хабарламасында.

Мемлекеттер басшылары Әзербайжан Президентінің Қазақстанға сапары кезінде және биыл қараша айында Бакуде өткен СПЕКА саммиті аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударды.

Наверх