Тоқаев халықтың орынсыз шығынын азайтуға қатысты шаралар туралы айтты

8 Ақпан 2022, 12:57
1368
Бөлісу:
Тоқаев халықтың орынсыз шығынын азайтуға қатысты шаралар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. 

Менің тапсырмам бойынша Халықтың табысын арттыруға бағытталған бағдарлама әзірленіп жатыр. Бұл құжатта халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар орынсыз шығынын азайтатын шараларды қарастыруы керек. Мемлекет бизнеске жүктеген кейбір  қосымша шығынды кәсіпкерлер халықтан өндіріп алады, - деді ол. 

Осы орайда Тоқаев қажетсіз тарифтер мен монополиялық операторларға қатысты пікір білдірді. 

Олардың қызметіне кім төлейді? Әрине, тұтынушылар. Мемлекеттік органдар осы компаниялардың қызығушылығын қолдаған. Сондықтан халық өзіне жұмсайтын қаржы осы компаниялардың қалтасына кеткен. Сондықтан Үкімет осы мәселеге назар аударып, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп мәселені шешуі керек, - деді Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы