Тоқаев G42 компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақорда 30 Қазан 2024 2024, 18:25
30 Қазан 2024 2024, 18:25
827
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша бұған дейінгі кездесулерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Smart City жүйесін енгізу бағытында ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды. Жоба заманауи технологиялық шешімдердің көмегімен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Кездесуде инновациялық технология және «ақылды» инфрақұрылым салаларында Қазақстан мен G42 компаниясы арасындағы ықпалдастықты кеңейтудің тың мүмкіндіктері қарастырылды.

Наверх