Тоқаев Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады

15 Шілде 2019, 11:34
4224
Бөлісу:
Тоқаев Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қазіргі уақытта өзі басқарып отырған ведомствоның және Арыс қаласындағы әскери жарылыстан кейінгі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Оның баяндамасынан кейін ҚР президенті ведомствоның жұмысына қанағаттанбайтынын айтып, министрге қатаң сөгіс жариялады.

«Жұмыс жүріп жатқанын көріп тұрмын. Бірақ біз қазір әскери ведомство тарапынан жүйелі жеткіліксіздік пен бақылаудың әлсіреуі салдарымен күресіп жатырмыз. Сіз Қорғаныс министрлігі жүйесінде жаңа «адамсыз», бірақ іске келгенде толық жауапкершілік сізде. Мен Жоғары қолбасшы ретінде Қорғаныс министрлігі жұмысына қанағаттанбайтынымды білдіремін. Сондықтан сізге қатаң сөгіс жариялаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, президенттің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда жаңа білім бағдарламасы қабылданатынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы