Тоқаев еліміздегі ауруханалардың жайын айтты

28 Қыркүйек 2022, 19:13
878
Бөлісу:
Тоқаев еліміздегі ауруханалардың жайын айтты

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Алтын сағат» қағидасын бекер ұстанбайды – науқасты жабдықталған ауруханаға неғұрлым тез жеткізсе, оның өмірін сақтап қалуға соғырлым мүмкіндік мол. Бұл бастама қанайналым жүйесінің ауруы салдарынан адам шығынын азайтуға айрықша тиімді әсер етеді деп үміттенеміз. Еліміздегі азаматтардың 35 пайызы осы аурудан көз жұмады. Қазақстанда ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда, инсульт пен инфаркттан 2 есе көп қайтыс болады. Тіпті, жастарымыз да қайтыс болып жатыр. Соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған көпбейінді  ауруханалар желісі – бұл ұлт саулығына қосылған зор үлес әрі тиімді шешім, - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, барлық міндеттер тез, әуре-сарсаңсыз, жауапкершілікті бір-біріне сілтейтін ведомстволар арасындағы «алашапқынсыз»  шешілуге тиіс.

Бастысы – нақты белгіленген нәтижелерге қол жеткізу. Ол үшін жобалардың жүзеге асырылуын қадағалайтын мониторинг жүйесі қажет, - дейд Қасым-Жомарт Кемелұлы. 

Өзгелердің жаңалығы