Тоқаев Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесіп, оны жетістігімен құттықтады

9 Шілде 2022, 22:48
1819
Бөлісу:
Тоқаев Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесіп, оны жетістігімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесіп, оны тарихи жетістігімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Еленаның асқан шеберлігінің, жеңіске деген ерік-жігерінің және оның кортта өзін ұстау мәдениетінің жоғары екенін атап өтті. Президент көрнекті спортшыны Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаның жарқын жеңісі Қазақстан теннисін одан әрі дамытуға, спорттың осы түріне балалардың көптеп тартылуына ықпал етеді деп санайды.

Өзгелердің жаңалығы