Тоқаев: Елде кәсібін жасап, байыған адамдар елдің де қамын ойлауға тиіс

15 Наурыз 2024, 18:09
528
Бөлісу:
Тоқаев: Елде кәсібін жасап, байыған адамдар елдің де қамын ойлауға тиіс
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында өз пайдасын ойлайтын кәсіпкерлерді сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен жиі кездесіп тұратынын айтты. Тоқаев бизнес өкілдері белгілі бір саладағы саясатты жетілдіруге қатысты стратегиялық бастама көтеретініне сенім және экономиканың түрлі саласын дамыту туралы нақты ұсыныс айтатынына үміттенді.

Алайда, кейбір кәсіпкерлер алдымен елдің емес, өзінің мәселесін айтып қалуға тырысады. Тіпті, бизнес-жобасына қолдау көрсетуді, өзіне жеңілдік беруді сұрайды. Сол үшін мемлекеттік органдарға тапсырма беруімді өтінеді. Бір сөзбен айтсақ, баяғы, үйреншікті жолымен жүргісі келеді. Өз мүддесін бәрінен жоғары қойып, жеке мәселесін мемлекет есебінен шешуге ұмтылады, - деді Президент жиында.

Тоқаев басқа елдің кәсіпкерлерін мысалға келтірді.

Басқа жұртқа қараңыздар. Көптеген елдің, тіпті, көрші елдердің өзінде ірі кәсіпкерлер мемлекетке алақан жаймайды. Керісінше, туған елін дамытуға өз еркімен қыруар қаржы жұмсайды. Осы елде кәсібін жасап, байыған адамдар қара басының ғана емес, елдің де қамын ойлауға тиіс деп санаймын. Олар жеке мүддесін қоғам мүддесімен үйлестіре білуі қажет, - деп айтты Тоқаев өз сөзінде.

Өзгелердің жаңалығы