Тоқаев: Egemen Qazaqstan әуел бастан ұлттық мүддені, елдік мұратты дәріптеп келеді

21 Қараша 2019, 12:14
8379
Бөлісу:
Тоқаев: Egemen Qazaqstan әуел бастан ұлттық мүддені, елдік мұратты дәріптеп келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан "Egemen Qazaqstan" газетінің 100 жылдық мерейтойына ҚР президенті арнайы құттықтау хат жолдады.

Мемлекет басшысының құттықтауын ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев оқып берді. 

"Egemen Qazaqstan"  газетінің ұжымы, баршаңызды "Egemen Qazaqstan"  газетінің 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл бір ұжымға ғана емес бүкіл елімізге ортақ қуаныш. "Egemen Qazaqstan"  әуел бастан ұлттық мүддені, елдік мұратты және рухани құндылықтарымызды дәріптеп, қазақ баспасөзінің қара шаңырағына  айналды. 100 жасаған газеттің егеменді ел болу жолында жасаған жұмысы ұшан-теңіз" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында.
Сонымен қатар ол газетке әр жылдары басшы болған ұлы тұлғаларға тоқталды. 

"Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұқтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов сияқты  алаш арыстары басқарған басылым әрдайым  қазақтың рухын биік ұстады. Газет ұжымы кеңес заманының өзінде ана тіліміз бен ұлттық санамызды сақтауға, төл мәдениетіміз бен тарихымызды наситхаттауға, елдігімізді нығайтуға қлшеусіз үлес қосты" - деді мемлекет басшысы.

Ол өз құттықтауында "Egemen Qazaqstan" тәуелсіздіктің елең-алаңында да Шерхан Мұртаза мен Әбіш Кекілбаевтай біртуар азаматтардың басшылығымен мемлекет іргесін биіктетуге атсалысқанын атап өтті.

"Қазақстанның шежіресі бас басылымның тарихымен қатар өрбіді. Тәуелсіздік таңы атқалы газеттің әр санында Елбасының барлық бастамалары мен шешімдері, мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар баяндалды. Осы игі үрдіс жаңғырудың жаңа кезеңінде жалғасын тауып, егемендіктер Тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында жемісті қызмет ете  береді деп сенемін. Ғұмыры ғасырмен өлшенетін газеттің  торқалы тойы құтты болсын!"  - деді президент.

Өзгелердің жаңалығы