Тоқаев Джек Маға алғыс айтты 

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың белгілі кәсіпкері Джек Маға қазақстандықтарға гуманитарлық көмек жасап, қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.</h4>

11 Сәуір 2020 2020, 15:35
АВТОР
 11 Сәуір 2020 2020, 15:35
11 Сәуір 2020 2020, 15:35
1571

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың белгілі кәсіпкері Джек Маға қазақстандықтарға гуманитарлық көмек жасап, қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

Мен әлемге әйгілі кәсіпкер, біздің халықтың жақсы досына айналған Джек Ма мырзаға елімізге жасаған гуманитарлық көмегі үшін алғыс білдіремін. Ол осындай күрделі төтенше жағдайлар кезінде ынтымақтастықтың маңызы зор екенін көрсетті. Біз бірігіп бар қиыншылықты жеңеміз, - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін Джек Маның Қазақстанға 5 мың қорғаныш костюмін жібергенін хабарлаған болатынбыз.
Наверх