Тоқаев ДДСҰ аясында МСАК бойынша мемлекеттер одағын құруды ұсынды

23 Қазан 2023, 10:20
1368
Бөлісу:
Тоқаев ДДСҰ аясында МСАК бойынша мемлекеттер одағын құруды ұсынды
Фото: BAQ.KZ - архив

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ДДСҰ аясында МСАК бойынша мемлекеттер одағын құруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан МСАК бойынша Алматы декларациясының 45 жылдығына, МСАК бойынша Астана декларациясының 5 жылдық мерейтойына және ДДСҰ-ның 75 жылдық мерейтойына арналған МСАК бойынша жаһандық конференцияның ресми ашылу салтанатында мәлімдеді.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті жаһандық тұрғыда ұсыну қызметті үйлестіру үшін арнайы құрылымды құруда ұтады. Мен ДДСҰ-ның қолдауымен медициналық-санитарлық алғашқы көмек саласын дамыту бойынша мемлекеттер одағын құруды ұсынамын. Бұл одақтың негізгі міндеті – денсаулық сақтаудағы профилактика қағидаттарын әрі қарай дамытуға, МСАК-ты дамыту бойынша бірлескен нұсқаулықтар әзірлеу болу керек, - деп атап өтті Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы МСАК саясаты мен тәжірибесі туралы жас делегаттардың қорытынды сөзін асыға күтетінін жеткізді.

Бұл қорытынды осы тақырып бойынша жастардың нені көретінін бейнелейтініне сенімдімін. Бұл аса маңызды, өйткені олар алдағы онжылдықта денсаулық сақтау жүйесін дамытуды қолға алады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы