Мемлекет басшысы China Nonferrous Metal Mining компаниясының бас директоры Чжан Цзиньцзюньді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әңгімелесу барысында тау-кен металлургиясы және шикізатты терең өңдеу салаларындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қытайлық компанияның KAZ Minerals кәсіпорнымен бірлесіп, Қазақстанда мыс балқыту зауытын салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспары туралы мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы осындай ірі жобаларды іске асыру – елдеріміз арасындағы табысты серіктестіктің нәтижесі екенін атап өтті.