Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев билік транзиті жайында: Сөз қозғауға әлі ерте

5 Қаңтар 2026, 09:31
420
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетінде көлемді сұхбаты жарық көрді. Ол әңгіме барысында билік транзиті жайында да айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Билік транзиті жөнінде сөз қозғауға әлі ерте, алдымызда табанды жұмысқа толы бірнеше жыл бар, - деді ол.

Сондай-ақ ол парламенттік реформа бір ғана мақсатпен, яғни Парламент төрағасы лауазымын мемлекеттік басқару жүйесіндегі ең басты лауазымға айналдыру үшін ғана өткізіледі дегендерге жауап берді.

Бұл – бос әңгіме. Мұндай пікір менің саяси қағидаттарыма қайшы келеді. Мен Қазақстанның президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет екенін бірнеше рет айттым. Осыдан 8 жыл бұрын, яғни Ақордаға келгенге дейін «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын жарияладым. Жеке бастың қамын күйттеп, мемлекеттік жүйені тұтастай өзгерте салу барып тұрған жауапсыздық, тіпті, адамгершілікке жатпайтын әрекет болар еді. Еліміз үшін аса маңызды реформаның бәрі жалпыхалықтық референдумға шығарылады. Бұл жерде ешқандай астыртын ойлар жоқ. Менің ұстанымым баршаға белгілі, саяси реформалар жалғаса береді. Ұзақ мерзімге арналған жоспардың бір бөлігі әдеттегідей жақын арада жарияланады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы