Тоқаев Бас прокурордың кандидатурасына Берік Асыловты ұсынды

3 Наурыз 2022, 10:07
2562
Бөлісу:
Тоқаев Бас прокурордың кандидатурасына Берік Асыловты ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында еліміздің Берік Асыловты еліміздің Бас прокуроры кандидатурасына ұсынды.

Сенат төрағасы атап өткендей, Мемлекет басшысы Бас прокурордың кандидатурасына тиісті ұсыным енгізді.

Президент ұсынған кандидатураны Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев жариялады.

Мемлекет басшысы ҚР Конституциясының 44-бабының 4-тармақшасына, 55-бабының 2-тармақшасына сәйкес  Бас прокурор қызметіне Асылов Берік Ноғайұлын тағайындауға Сенаттың келісімін беруге ұсыныс енгізді, - деді ол.

Берік Асылов 1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін Прокуратура органдарында қызмет атқарып келеді. Ол Қазақстанның бірқатар өңірінде Прокуратура органдарын басқарды. 

2019 жылдың наурызынан бастап Бас прокурордың бірінші орынбасары болды.

Ержан Жиенбаев сенаторлардан Мемлекет басшысы ұсынған кандидатураны қолдауды сұрады.

Депутаттар ҚР Президентінің Бас прокуроры қызметіне Асылов Берік Ноғайұлын тағайындауға келісім беру туралы қаулыға ашық дауыс беріп, бірауыздан шешімді қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы