Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев балалардың шығармашылығын шыңдайтын орталықта болды

Бүгiн, 19:57
106
Бөлісу:
 Ақорда
PHOTO
Фото: Ақорда

Президент Tanym көпфункционалды кешенін аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы оқу сыныптарын, хореографиялық залды, коворкинг-орталықты, жасанды интеллектінің инновациялық жүйесі енгізілген жүзу бассейнін, кеме модельдеу шеберханасын, театр өнері студиясы мен спорт залды аралады.

Бұл орталық балалар мен жастардың талантын шыңдауға, көшбасшылық қабілетін, ғылыми ойлау жүйесі мен шығармашылық әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Тоқаев балалардың шығармашылығын шыңдайтын орталықта болды

Жоба балаларға заманауи білімді, технологияны, мәдениет пен спортты қолжетімді етуге бағытталған.

Қазір кешенде 100-ден астам жоғары білікті педагог жұмыс істейді.

Тоқаев балалардың шығармашылығын шыңдайтын орталықта болды

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтың ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесіп, балалар мен жастар шығармашылығын дамытудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар ұжым жұмысына табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы