Тоқаев әйелдердің зейнет жасына қай кезде өзгеріс енгізілетінін айтты

1 Қыркүйек 2022, 11:48
13565
Бөлісу:
Тоқаев әйелдердің зейнет жасына қай кезде өзгеріс енгізілетінін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тоқаевтың айтуынша,  кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітіледі.

Сондай-ақ Президент зейнетақы жүйесін айтарлықтай қайта іске қосу қажет.

Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ға, ал ең жоғарысын 120%-ға дейін дәйекті түрде жеткізу қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жалпы зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді, - деді ел басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы