Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Астанаға өңірлерден халықтың жаппай көшіп келу себептерін атады

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
8 Қыркүйек 2025, 12:29
504
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірқатар облыс әкімінің әрекетсіздігі аясында, олар корпоративтік салықтардан түскен артық қаражатты тиімсіз жобаларға – мысалы, тас төсеу сияқты жұмыстарға жұмсаған. Соның салдарынан елордаға халықтың ағылуы байқалып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, соңғы үш жылдың өзінде елорда тұрғындарының саны 250 мыңнан астам адамға өскен. Оның ішінде тек өткен жылы – шамамен 100 мың адам. Биыл бұл өсім одан да асып түсуі мүмкін. 

Қазір елорданың инфрақұрылымына күн сайын 1,9 миллион адамға жуық халық жүктеме түсіріп отыр, ал ресми тіркелген тұрғындар саны – 1,5 миллион.

Басқаша айтқанда, шамамен 400 мың адам – бұл орташа бір қаланың халқы – елордада ешқандай жоспарсыз қызмет алуда. Нәтижесінде, жылу және су жүйелерінің тұрақтылығы қатерге тігіліп отыр, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді. 

Өзгелердің жаңалығы