Тоқаев әсіре діншілдерге қатысты пікірін айтты

2 Қыркүйек 2024, 12:13
1272
Бөлісу:
Тоқаев әсіре діншілдерге қатысты пікірін айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету керегін тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі істер министрлігі ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдіктердің заңсыз көшіп келуіне және басқа да ауыр қылмыстарға қатаң тосқауыл қойып, дереу жолын кесуге міндетті. Құқықтық мемлекетте қылмыс әлеміне орын жоқ, қарақшылықты түп-тамырымен жою қажет. Түрлі экстремистердің, оның ішінде әсіре діншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуға тиіс. Құқық қорғау органдары кәсібилік, батылдық және табандылық танытуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Парламенттің бірлескен отырысының алдында Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы намаз оқитын қыздың құқығы туралы айтқан еді. Ол ҚМДБ неге жабық мекеме деген сұраққа да жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы