Тоқаев Армения халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады

21 Қыркүйек 2024, 11:15
913
Бөлісу:
Тоқаев Армения халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент өз құттықтау жеделхатында Премьер-министр Никол Пашинянның басшылығымен Армения мемлекетті дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және елдің халықаралық аренадағы беделін нығайту ісінде толағай табысқа жеткенін атап өтті.

Мемлекет басшысы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қазақ-армян қарым-қатынастарын жан-жақты күшейтуге бейілді екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Армения халқына бақ-береке тіледі.

Өзгелердің жаңалығы