Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Ақордада Түрікменстан басшысын қарсы алды

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
25 Қараша 2025, 11:11
429
Бөлісу:
 автордан
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті Ақордада қарсы алды.

Тоқаев Ақордада Түрікменстан басшысын қарсы алды

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Президентіне сәлемдік баянат берді.

Тоқаев Ақордада Түрікменстан басшысын қарсы алды

Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Тоқаев Ақордада Түрікменстан басшысын қарсы алды

 

Әнұранды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Тоқаев Ақордада Түрікменстан басшысын қарсы алды

Кейін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Сапар аясында тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24-25 қараша күндері Астанаға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келетінін хабарлаған болатынбыз.

24 қараша күні елорда әуежайынан Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды. Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

Өзгелердің жаңалығы